14 сәуір күні аудандық кітапхананың кітапханашылары «Сәбинұр» балалар бақшасының балаларымен кітапханаға саяхат жасады. Бұл іс-шараның мақсаты балалардың назарын ертегілерге аудару және ертегі арқылы оларды кітап оқуға қызығушылығын ояту, ойлау қабілеттерін арттыру. Кітапханаға саяхат ойын үлгісінде өткізілді.
Кітапханашылар балаларға кітаптардың үйшіктерде (сөрелерде) тұратынын, олардың өз орны бары туралы айтты. Кітап көрмелері мен «Балақан», «Юла», «Санька» деген жорналдарды көрсетті. Одан кейін балаларға «Мысықтың үйі» атты медиоертегі көрсетіліп, әрі қарай санамақ ойын мен әртүрлі физминуткалар жалғасты. 16 адам қатынасты.
14 апреля библиотекари районной библиотеки провели экскурсию с детьми детского сада «Сабинур». Цель данного мероприятия, создать условия для мотивации к учению и привлечь внимание детей к сказкам, вызвать желание их читать; развивать память, логическое мышление. Экскурсия в библиотеку проводилась в игровой форме.
Библиотекари рассказали ребятам, что книги живут в домиках (на полках), что у каждой книги есть свое место. Показали книжные выставки и детские журналы «Балакан», «Юла» и «Санька». Далее последовал просмотр медиосказки «Кошкин дом», игры в считалочку, различные физминутки. Присутствовало 16 человек.
|