Вторник, 2024-03-19, 9:05 AM
Приветствую Вас Гость | RSS

Алтынсаринская ЦБС

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 20
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Литературное краеведение

 Алтынсаринская земля – уникальное место. Родина государственных и общественных деятелей, талантливых писателей  и поэтов.

Слово, художественное слово всегда сопровождало героические будни сельских тружеников. Известный писатель В.Черкесов как то задал вопрос: «… делится ли литература на столичную и провинциальную? Вопрос этот скорее риторический, и однозначный ответ на него едва ли кто осмелится дать: любой будет спорным. Ибо литература - она есть или её нет – вот истина. И прирастает она, полнится, ширится скорее как раз за счёт талантов, родившихся в «глубинке», выпестованных и взлелеянных казахстанскими просторами».

Есть имена хорошо известные в литературе и имеющие непосредственное отношение к нашему краю: Алтынсарин Ибрай – педагог, поэт, прозаик; Шипин Омар – акын - импровизатор, Хакимжанова Мариям – поэтесса, Омаров Ильяс - прозаик, критик, публицист  и др.

Ценность литературного творчества наших земляков заключается в том, что оно, расширяет и обогащает нас знаниями о родных местах, прививает нам любовь и уважение к истории культуры родного края. Помогает полнее ощутить и осознать связь литературы с жизнью, помогает понять духовную сущность современного человека, воспитанного на богатейшей истории и культуре нашей земли.

 

Ыбырай Алтынсарин

(1841 - 1889)

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу - өнердің  маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі  - Ыбырай болған. Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау мақсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан-жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы «өте жақсы» деген бағамен бітіреді. 1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Сол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғылым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сыйлайтын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен қарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтің көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыған. Сөйтіп, ол өзінің саналы ғұмырын атасы ойлағандай чиновниктік мансапқа емес, халыққа пайдалы іске арнау туралы тоқтамға келеді.

Ыбырайдың тікелей қатысуымен Торғайда 1864 жылы мектеп ашылады. Бұл оның ағартушылық мақсаты жолындағы алғашқы жеңісі болса, қазақ халқының өміріндегі әлеуметтік маңызды тарихи оқиға болатын.

1879 жылдан қайтыс болғанға 1889 жылғы дейінгі кезеңде ағартушы Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметін атқарады.

Оның педагогтық-ұстаздық қызметі мен жазушылық творчествосын бөле қарауға болмайды. Оның жазушылығы тікелей педагогтық-ағартушылық жұмысының мақсатынан туған. Ағартушылық-ұстаздық қызметпен айналысу үшін оқулық керек. 

1879 жылы Орынбор қаласында Ыбырайдың орыс графикасы негізінде ана тілінде жазылған «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулығы жарық көреді. Бұл – ұлттық мәдениетіміз тарихындағы тұңғыш оқулық. Ыбырай үшін қалайда оқулықты шығару әлдеқайда маңыздырақ болды. Ол «Қазақ хрестоматиясына» педагогтық мақсатына лайықтай жазған өзінің көптеген шағын әңгімелері мен мысалдарын, өлеңдері мен халық ауыз әдебиеті үлгілерін енгізеді.

Ол – мектептің өзіне бөлек ерекшелігі бар программаларын, оқу құралдарын жазушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы. Бұл жөнінде ол – қазақтың халық қазынасы – ауыз әдебиетін, орыстың ұлы классикалық әдебиетін өзінше ең алғашқы үлгілерде үйлестіріп, туыстырушы болды.

Ибрай Алтынсарин

(1841 - 1889)

Ибрай Алтынсарин вошел в историю Казахстана как выдающийся просветитель, педагог, писатель, поэт, общественный деятель. Ибрай Алтынсарин родился 2 ноября 1841 года в Аркарагайской волости. Рано лишившись отца, он воспитывался в семье старшего брата известного бия Балгожи Жанбуршина. В 1850 году был определен в школу – интернат при Оренбургской пограничной комиссии. Окончил её в 1857 году. Затем в течение трех лет работал писарем у своего деда Балгожи – управляющего Узунским родом племени кипчаков, войскового старшины Оренбургской комиссии.

Некоторое время Алттынсарин работал переводчиком в Оренбургском областном управлении. В 1861году получил назначение на должность учителя Тургайской школы. В 1860 году областное правление поручило ему открыть школу для казахских детей в городе Тургай, в которой он назначался учителем русского языка. 1864 открыл первую народную школу. Некоторе время И. Алтынсарин работал также в Тургайском уездном управлении в качестве делопроизводителя, исполнял обязанности старшего помощника уездного начальника, временно – уездного судьи. С 1879 и до конца жизни – инспектор казахских школ в тургайской области.

В 1883 году Алтынсарин переехал в Николаевский (Кустанайский) уезд. Он построил дом в трёх километрах от города Кустаная, на сгибе реки Тобол, на островке, где имелось небольшое озеро, получившее в последствии название «Инспекторское». Там Ибрай Алтынсарин жил и работал до самой смерти. Алтынсарину было присвоено звание статского советника.

Алтынсарин положил начало светскому образованию казахского народа. Автор первых казахских учебников: «Казахская хрестоматия» (1879; 2 изд., 1906) и «Начальное руководство к обучению казахов русскому языку» (1879), автор басней и рассказов, а также переводов Л. Н. Толстого, И. А. Крылова. Создавал варианты алфавита на основе русской графики для записи казахских текстов. Открыл четыре двухклассных центральных русско – казахских училищ, одно ремесленное училище. Одно женское училище. Пять волостных школ, два училища для детей русских поселян. А также учительскую школу в Троицке, немного позже она была переведена в Оренбург.

Умер 17 июля (29 июля) 1889 года, похоронен недалеко от своего дома на берегу Тобола, рядом с могилой отца.

Омар Шипин

(1879 - 1963)

Омар Шипин 1879 жылы Қостанай облысы Қостанай  ауданында дүниеге келген.  1916  жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысушы, көтеріліс жаршысы, Қазақ  КСР -інің халық ақыны.

Ол «Амангелдінің айбаты», «« Арман», 1916 жылғы», «Торғай соғысы» толғауларынан «Амангелді батыр» дастанына дейінгі көптеген шығармаларын халықтың патша үкіметіне қарсы күресіне арнаған. «Патша тақтан түскенде», «Октябрь түні», «Ақын үні», тағы басқа жырларымен жаңа заманды шаттана қарсы алды. «Масаты қыз», «Қойшы Күлен», «Жеткіншек», «Сыбызғы үні» дастандарында қазақ халқының өткендеріндегі күрделі тағдырын суреттеді. 1954 жылы орыс тілінде «Стихи и песни» атты жыр жинағы басылып шыққан.

Омардың жалғыз қуанышы – әндері. Оның әндерінде қайғысы мен қуанышы қоса өрілген, ол ашуы кеткен адамдарды жырларымен сынаған. Бала кезінен бастап «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастандарын жаттап өскен.

1919 жылы ақын өзінің жан жолдасы, белгілі батыр Амангелді Имановтан айырылып қалады. Бірақ батырдың ержүрек бейнесі, ерліктері мен жарқын ойлары Омардың жадында мәңгіге сақталып, жан жолдасына арнап «Амангелді батыр» атты толғауын өмірге әкеледі. Бұл поэма 1942 жылы басылым бетінде жарық көрген.

Омар Шипин үш рет Қазақ  КСР - нің Жоғарғы кеңесіне депутат болып сайланған.

«Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

1961 жылы Қазақ  КСР - і Жоғарғы кеңесі Президиумының Жарлығымен  Омар Шипинге халық ақыны деген атақ берілген.

 

Шипин Омар

(1879 - 1963)

Родился в 1879 в ауле №7 Кайдаульской волости Тургайского уезда, - 1963, народный акын Казахстана (1961). Самостоятельно овладел грамотой. Выучил многие творения устного народного творчества. Но дар импровизатора к ниму пришел в довольно зрелом возрасте, в бурном 1916 году. В этом же году от стал сарбазом А. Иманова. В эти годы еще более возрастает  известность акына – выходит целый ряд сборников его стихотворений и поэм: «В степях Тургая», «От имени народа», «Уроки жизни». В 1943 году в составе Кустанайской делегации ездил с подарками для бойцов Ленинградского фронта. Участник 1-ой Всеказахстанской олимпиады народного творчества (Алма- Ата,1943). В 1947 на очередной олимпиаде занял 2 – ое место, уступив первое знаменитому Джамбулу, который подарил ему свой чапан. Трижды избирался депутатом Верховного Совета КазССР. Награжден орденами ленина, Трудового Красного Знамени.

 

Хакімжанова Мәриям

(1906-1995)

16 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған. Рабфакта оқыды (1931-1932]. «Әйел теңдігі» журналында әдеби қъгзметкер (1929-1932), жауапты хатшы (1932-1934). Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі {1935— 1937), Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі (1939-1944), Қазак мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор (1945-1959) болып істеді.

Тұңғыш өлеңі («Женотделге») 1929 жылы, алғашқы өлендер жинағы 1935 жылы жарияланды. 1945 жылы жеке кітап болып шыққан «Мәншүк» атты поэмасы 1947 жы­лы орыс тіліне аударылып басылды, поэма бойынша жазылған телесценарийі 1963 жылы теледидар арқылы көрсетілді.

Балаларға арналған «Бөбегім менің — өлеңім менің» атты суретті кітапшаның, «Ана мейірімі» (1961) жинағының және бірнеше ән мәтінінің авторы. Қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың I томдық өлеңдер жинағын аударып бастырды (1960). Орыстың балалар жазушысы И.Диктің «Отты бұлақ» повесін аударған (1953). Өлендері орыс, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян, т.б. тілдерге аударылды.

Екі рет «Құрмет Белгісі, Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1986 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы бсрілді. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.

Мариям Хакимжанова

                      (1906-1995)

Родилась 16 ноября 1906 в селе Кобыланды Алтынсаринского района, умерла 1995, казахская советская поэтесса, видный акын, народный писатель Казахстана, почетный гражданин г. Костаная. Училась на рабфаке (1933 - 1934). Литературный работник, ответственный секретарь журнала «Әйел теңдігі» (1929-1932), заведующий отделом народных акынов Союза писателей Казахстана. С 1934 несколько лет жила в Оренбургской области. Заведующий отделом в районной газете «Екпінді». Работала в институте языка и литературы Академии Наук, в Книжной палате, журнале «Жаңа өмір», в издательстве Казахской государственной художественной литературы.

 Первый сборник стихов «Песни снохи» вышел в 1935 году. В 1945 вышла из печати поэма «Маншук», затем книга «Любовь матери», (1953), «Перевал стихов», (1956) «Первая песня», «Сердце матери»   (1958), «Весна матери» (1963), «Легенда о цветке» (1970). «Честь» (1976).

Награждена 2-мя орденами «Знак Почета» (1966, 1976) , орденом Трудового Красного Знамени.

 

Бекет Өтетілеуов

(1883 - 1949)

1883 жылы бұрынғы Торғай облысының  Қостанай уезіндегі Обаған ауданының бірінші ауылында «Қазіргі Қостанай облысының  Обаған ауданындағы М. Ю. Лермонтов атындағы совхоз) орта шаруаның отбасында дүниеге келеді. 8-9 жасқа толғаннан кейін Бекет әкесінің шаруашылығына көмектесе бастайды және реті келгенде ауыл мұғалімдерінен сабақ та алып жүреді. Осылай сауатын ашқаннан кейін, ол 1897 жылы ауылдағы үш жылдық орыс мектебіне түсіп оқиды. 1901 жылы бұл мектепті бітіргеннен кейін қазіргі Меңдіғара ауданының орталығы Боровойдағы екі кластық мектепке түседі, бұдан кейін 1902 жылы Қостанайдың екі кластық, қазақ-орыс мектебіне ауысады. Мұны 1905 жылы бітірісімен Қостанайдағы оқытушылар даярлайтын мектепке түсіп, оны аяқтап шығады. Сөйтіп, 1907-1908 жылғы оқу жылында Бекет өзінің көптен арман еткен тілегіне жетеді -мұғалімдік қызметке жолдама алады. Оның мұғалімдік қызметі Көкшетау уезінің Қотыркөл болысында басталады. 1908—1910 жылдарда Бекет Қостанай уезінің мектептерінде мұғалім болып істейді. 1910—1917 жыл­дарда аракідік жұмыс істегені болмаса, көбіне ауырып емделумен болады. 1917 жылдан 1922 жылға дейін Қостанай уезінің  Қанымжол  мектебінде қызмет істейді.

Бекет Өтетілеуов алғаш патша өкіметінің құлағанын да, кейін Ұлы Октябрь революциясының жеңісін де қуанышпен қарсы алып, ауыл өмірінде жаңа тұрмыс орнату үшін аянбай еңбек етеді. 1923 жылы ол губерниялық оқу бөлімінің ұсынысы бойынша Қостанайдың казкоммуна мектебінде оқытушы боп қызмет істесе, 1925 - 1927 жылдары ағарту одағының округтік оқу бөлімінде председатель болып істейді. 1925 жылы партия қатарына кандидат болып алынады. 1927—1928 жылдары Қостанайдың округтік оқу бөлімінде инспектор жұмысын атқарады, 1928—1929 жылдары Қостанайдың округтік партия комитетінде қызмет істейді. Бұл жылдарда да Бекет ауыл өміріндегі үлкен істерге белсене араласып, оған бүкіл күш-жігерін жұмсайды. 1929 жылдың күзінде Бекет денсаулығының нашарлығына байланысты сұранып, өзінің туып-өскен жері Обағанда ашылған казкоммунаға мұғалім болып келеді. Бірақ мұнда да аурулары себепті 1930 жылдың наурыз айына дейін жұмысқа біржолата кірісе алмайды. Сол жылдың жазында денсаулығы біраз түзелгеннен кейін аудандық оку бөлімінде инспектор боп істейді де, 1931 жылдың бас кезінде Обаған ауданындағы Қараоба мектебіне мұғалім болып ауысады. Осыдан ол өмірінің соңғы күндеріне дейін сол мектепте орыс тілінің мұғалімі боп жұмыс істейді. Бекет Өтетілеуов өз өмірінің көптеген жемісті жылдарын халык ағарту және жастарға адамгершілік тәрбие мен білім беруге, надандықты, қараңғылықты жою күресіне арнады. Халык ағарту майданында ол бар ынта-талантымен еңбек етті. Еңбекші бұқараның

арасында озық білім мен өнегелі өнерді жаюдан өзге абыройлы да сүйікті қызмет болады деп Бекет мүлде ойлаған емес. Мұндай азаматтық үлкен қасиетімен де, ағартушылық еңбегімен де ол өзінің тамаша жерлестері Ыбырай Алтынсарин мен Спандияр Көбеевтің өлмес ісін онан әрі жалғастырушы белгілі шәкірті болды.

Бекет Өтетілеуов ағарту ісіне шын беріле еңбек еткені соншалық - ол өзінің педагогикалық жұмыспен айналысқан кезінде бірнеше оқу құралы мен методикалық нұсқаулар да, көрнекті құралдар да жасады. Демек, бұл салдары енбектерінен де ол өзінен бұрынғы ағартушы-педагогтердің жақсы дәстүрін лайықты дамыта алды. Бекет Өтетілеуовтің педагогтік қызметтері Совет өкіметі тұсында тиісюті дәрежеге көтеріліп жақсы жемісін берді. Бекет бүгінгі өскелең өнер мен өнімді еңбектің іскер кадрларын дайындауға да белгілі мөлшерде өзіндік үлесін қосты.

Бекет Өтетілеуов 1949 жылы 9 маусымда қайтыс болды. Оның  сүйегі өзінің туып - өскен жері -Қараобада жерлендім

 

Бекет Утетлеоуов

(1883 - 1949)

Бекет Утетлеоуов родился 1 июля 1883 года в ауле Кара – Оба Убаганской волости, Кустанайского уезда, Торгайской области. Педагог, просветитель, поэт, переводчик. Окончил русско – казахскую школу, затем педагогический класс в г. Кустанае. Работал в Казкоммуне в Кокчетавской школе, с 1916 по 1928 год трудился в г. Кустанае заведующим Кустанайской Казкоммуной. С 1929 года первый директор Кара – Обинской средней школы Урицкого района.

Как педагог – просветитель Бекет Утетлеуов заложил основы народной педагогики, продолжил педагогические традиции Ибрая Алтынсарина. Его детище – Кара – Обинская средняя школа впоследствии стала культурно – образовательным центром подготовки интеллектуальной элиты нашей республики. В их числе: Ильяс Омаров – поэт, публицист, государственный деятель, Омирзак Султангазин – академик, Габит Мусрепов – народный писатель Казахстана, Малик Фазылв – известный дипломат, Жумагали Ысмагулов – журналист – публицист.

Ярок, богат и славен, творческий и жизненный путь Б. Утетлеуова. Рождённый в среде аульного уклада жизни, он своим умом достиг высот казахской культуры. Его творческая индивидуальность уникальна. Поэтическое слово Бекета устремлено в будущее. Автор двух книг на казахском языке: «Жиған – терген», «Дүниенің ісі ахиретке кетпес – ті». Как поэт – переводчик он перевел басни И. А. Крылова, стихи А. С. Пушкина, М. Ю. Лермонтова, В. А. Жуковского, А. Н. Плещеева, Н. И. Красовского.

Им написаны несколько педагогических трудов: «Учебник казахского языка для русских», после прохождения букваря, вторая работа «Роль аналитико – синтетического звукового метода в правильном письме, толковом и выразительном чтении».

 

Ілияс Омаров

(1912 - 1970)

1.10.1912, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Қараоба ауылы - 19.7.1970, Алматы.  Мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист. Орта Азия жоспарлау экономика және сауда-тауар ісі институтын бітірген (1933,Ташкент). 1933-36 ж. Республиканың сауда мекемелерінде жауапты қызметтер атқарған. 1941-45 ж. Қазақ КСР Сауда халық комиссарының орынбасары, комиссары болды. "Қазақ  халкының майдандағы қазақ жауынгерлеріне жазған хатын" ұйымдастыруда, 1944 ж. желтоқсанда Алматы қаласында өткен республика акындар айтысын өткізуде, "Қазақ КСР-нің ерте заманнан осы күнге дейінгі тарихының" жарық көруіне ұйытқы болды. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты мен Құрманғазы атындағы мемлекетттік консерваторияны ұйымдастырды. 1945-47 ж. Қазақ КСРі ХКК төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды. 1947-52 ж. Қазақстан КП ОК-нің идео­логия жөніндегі хатшысы. Ол 1949 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігін   ұйымдастырды.               

Омаров халык өнері мен музыкасын, ауыз әдебиетін насихаттауға зор үлес қосты, Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерін өнеге ретінде ұсынды. 1949 ж. жарық көрген "Қазақ КСР тарихының" толықтырылған 2-басылымының жауапты редакторы болды. Е. Бекмахановтың қазақ халкының шын мәніндегі тарихын ашық жазуына, Кенесары, Наурызбай батырлар жайында ақиқаттың айтылуына, Қ Жұмалиевтің Исатай мен Махамбет жөніндегі материалдарды   бастыруына   ұйытқы болды. Осы жағдайлар оның 1951-52 ж. "ұлтшылдарды қолдаушы" деген науқаншыл айыппен Қазақстан КП ОК-нің құрамынан шығарылып, қудалануына алып келді. 1952-55 ж. КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1955-59ж. Солтүстік Қазақстан облысы пар­тия к-тінің  хатшысы қызметін атқарады. 1959-61 ж. "Қазақфильм" киностудиясының директоры, Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінінің кеңесшісі кызметтерін атқарып, жаңа қалыптасып келе жаткан қазақ, кино өнерінің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. 1961-67 ж. Қазақ КСР-і Мин. Кеңесі жанындағы Мемлекет жоспарлау к-ті төрағасының орынбасары, 1-орынбасары, 1967-70 ж. Қазақ КСР-і Мәдениет министрі болды. І. Омаров осы кезеңде қазақтың, эстрад. өнерін, ұлттық циркті, театр жұмысын жетілдіруге, кәсіби өнердің басқа да салаларын тыңнан дамытуға барынша күш салды. Осы жылдары қазақтың хор капелласын, классик және халық билерінің хореграф. "Жас балет" ансамблін, Жетісай қ-нда қазақ, музыкалы драма театрын ашуға және жастардың эстрад. "Гүлдер" ансамблін құруға ұйтқы болды. "Мәдени ескерткіштерді қорғау туралы" заң қабылданды. "Әдебиет туралы ойлар" (1962), "Оқушы көзімен" (1967), "Серпін" (1970), "Шабыт шалқары" (1973) еңбектері жарық көрген. О. Ленин орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қостанай облыстық қазақ драма театры I. Омаров есімімен аталады.

Ильяс Омаров

(1912 - 1970)

Омаров Ильяс родился в 1912 году в Сарыкольском районе – умер 1970 году, общественный деятель, государственный служащий, критик, писатель, публицист. Окончил планово – экономический средне – азиатский институт (1933).  Директор торгового техникума в г. Кызыл – Орде (1933 - 1936), управляющий конторой Главкожобувьпрома, заместитель начальника наркома, нарком торговли, заместитель председателя Совнаркома (1936 - 1945); 1 – й секретарь обкома партии в Восточном Казахстане, секретарь ЦК КП Казахстана (1945 – 1955);  секретарь обкома партии, директор Алма – Атинской киностудии (19555 – 1960; заместитель, 1 – й заместитель председателя Государственного плана КазССР (1960 – 1967);  министр культуры КазССР (1967 - 1970). В 1943 возглавил редакцию по переизданию и дополнению «История КазССР» во второй раз. Депутат ВС СССР, КазССР (2 –го, 3-го созывов). Председатель отделения общества Советская Корея. Награжден орденом Ленина, 3-мя орденами Трудового Красного Знамени и медалями.

Тілемісов Хайдолла 

(1929-2000)

20 мамырда Қостанай облысының Обаған ауданындағы (қазіргі Қостанай ауданы) Сатай ауылында туған. Екі жылдан астам туған колхозында жұмыс істейді. 1943 жылы Меңдіғара педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп ақындардың аудандық айтысына қатысады да, өнерімен көзге түсіп, 1944 жылы Қостанайда ашылған облыстык, филармонияға қызметке шақырылады. 1949 жылы облыстық «Большевиктік жол» газетінің ауыл шаруашылығы бөліміне әдеби қызметкер болып орналасады. 1951 жылдың сәуірінде Қостанай облыстық радиосына аға редакторлық қызметке ауысады. 1955— 1960жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде комсомол тұрмысы, тілшілер және шаруа-жастар бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарады, редколлегия мүшесі болады. Осыдан кейін он жыл бойы Қазақ радиосы мен телевизиясының Бас редакторы, Қазақ радиосының Бас редакторы, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакторының қызметтерін атқарады. 1970 жылдың каңтарынан республикалық «Қайнар» баспасында бес жылдай бас редактор, одан кейін 1996 жылдың  қаңтарына дейін директоры болды

Қазақ КСР-інің  еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және басқа медальдармен марапатталған.

Тлемисов Хайдулла

(1929-2000)

Родился 10 мая 1929 в с. Сатай Алтынсаринского района, журналист, писатель, заслуженный работник культуры Республики Казахстан, почетный радист СССР, отличник печати. Окончил Мендыкаринское педагогическое училище, факультет журналистики КазГУ. Артист областной филармонии им. Джамбула (1944); инструктор Убаганского райисполкома (1948 - 1949); журналист в областной газете «Большевиктік жол» (1949); старший редактор в Кустанайском облрадиокомитета (1951 -1955); заведующий отделами член редколлегии в республиканской молодежной газете «Лениншіл жас», ныне «Жас алаш» (1955 - 1960); главный редактор радиостанции «Сельская жизнь», главный редактор казахского радио, главный редактор Госкомитета по радиовещанию и телевидению республики (1960 – 1970); главный редактор, директор в республиканском издательстве «Кайнар» (1970 – 1996); генеральный директор частного собственного издательства « Хант» (с 1996). Член Правления Ассоциации советских книгоиздателей.  Член СЖ СССР. Неоднократно избирался членом правления СЖ Казахстана. Изданы книги его очерков и публицистических материалов – «Герои целины», « Там, где труднее» и другие. Член Союза Писателей СССР (с 1979).  Автор повестей «Азамат», «Арман», « Акикат», цикла художественных рассказов «Новь родного аула». Автор фундаментального научно – популярного труда «Казахско – русского и русско – казахского словаря сельско – хозяйственных терминов». Награжден медалями.

Шалабаев Василий Амельянович

(1934-2002)

Родился 22 января 1934 года в селе Криволукское Ялуторовского райо­на Тюменской области в семье кочевника-крестьянина. Педагог, писатель, поэт и переводчик. Среднее образование получил в годы войны и послевоенное время.

В 1955 году поступил в Петропавловский пединститут им. К. Д. Ушинского на историко-филологический факультет, который окончил в 1959 году, получив диплом по специальности учителя русского языка, литературы и истории. Преподает русский язык, литературу и историю в Тюменской семилетней школе Омской области.

Педагогический стаж 32 года. Последние 17 лет отданы Докучаевской средней школе. В 1991 году был избран депутатом Верховного Совета Казахской ССР Присвоено звание «Учитель высшей категории».

Издана книга его публицистических материалов и стихов разных лет – «Дорогами  жизни» (2001).

Имел правит­ельственные награды.

 

Молдағалиев Жайсаңбек

 (1935-1986)

14 сәуірде қазіргі Қостанай облысы, Урицкий ауданына қарасты «Жаңасу» ауылында туған. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Сол жылы «Қазақ әдебиетіне» қызметке орналасқан. 1964 жылға дейін осы газеттің республика бойынша арнаулы тілшісі, 1964—1965 жж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1965 — 1968 жж. «Жазушы» баспасында, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редак­тор, 1968—1973 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. Филология ғылымдарының кандидаты. Көп жылдар бойы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет жә­не өнер институтында аға ғылыми қызметкер болған.

Алғашқы очерк-әңгімелері рес­публика баспасөзі бетінде 1955 жылдары жариялана бастаған. «Жүрек қазынасы» (1962), «Жаз ерке» (1965), Самал» (1974), «Алғашқы қоңырау» повестерінің және «Айналайын» (1972), «Құс жолы» (1975) әңгімелер жинақтары мен «Торғай толғауы» (1966—1979) трилогиясының, «Таза бұлақ» (1984), «Адамға көп керек пе?» романдарының авторы. Бұлардың бірқатары орыс тілінде жарық көрген.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. А.А.Фадеев атындагы алтын медальмен марапатталған (1984).

 

Молдагалиев Жайсанбек

(1935-1986)

Родился 14 апреля 1935 году в ауле Жанасу колхоза им. И. Омарова Алтынсаринского района, умер – 1986) казахский писатель,  кандидат фило­логических наук. Окончил факультет журналистики КазГУ. Сотрудник редакции газеты «Қазақ, әдебиеті», журнала «Жұлдыз», старшим редактором изда­тельства «Жазушы». Сотрудник в институте литературы и искусства АН КазССР.

Первый сборник под названием  «Жүрек казынасы» («Сокровища сердца») вышел в свет в 1962 году. Написал десятки произведении в форме диалога, повести, романы.  Произведения писателя переводились на русский и другие языки. Произведения «Жүрек казынасы» (1962), «Жас ерке» (1965), «Торғай толғауы» (1966-1979), «Айналаиын атыңнан» (1972), «Самал» (1974), «Құс жолы» (1975),   «Таңдағылар» (1975), «Лето игривое (1967) «Тургайские напевы» (1960-1970), «Имя твое дорогое» (1974), «Алғашкы қоңырау» (1978), «Таза бұлақ» (1984).

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz