Вторник, 2024-03-19, 3:51 PM
Приветствую Вас Гость | RSS

Алтынсаринская ЦБС

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 20
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Новинки

                          Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға  Алтынсарин аудандық кітапханасы қорға 2017жылдың 4 тоқсанында түскен жаңа кітаптарды  ұсынып отыр. Өз       қалауларыңызға қарай,  жаңа кітаптардың ішінен  қазақстандық ақын-жазушылардың кітаптарын, әдеби публицистикалық еңбектерді, шым-шытырық оқиғалар мен жыр жолдарын табуға болады.                                                    Кітап жалпы оқырман қауымға арналған. Біз жаңа түскен кітаптардың бірқатарын ғана ұсынып отырмыз.

 

 

Көркем әдебиет

 

Ақылай, Сәнді. Өлең – ғұмыр [Мәтін] : өлеңдер, поэмалар, аудармалар / С. Ақылай. Алматы: Каратау КБ, 2017. – 288 б.

         Сәнді Ақылайдың есімі қаламы қарымды ақын ретінде көпке таныс.

Ақынның «Өлең – ғұмыр» жыр әлеміндегі екінші кітабы. Алғашқы жинағы 2003 жылы «Рух патшалығына саяхат» деген атпен жарық көрген. Сәндінің қай өлеңін алып қарасаңыз да аз сөзге көп мағына сыйғызған сұңғылалыққа,  диапазон дархандығына куә боласыз.       

         Отанды сүю адамның жүрегіндегі иманында екенін өлеңмен өріп, ұрпақ тәрбиесіне үн қосқан ақынның жырлары оқырманды бей-жай қалдырмайды.

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.

 

Әбдіраш, Жарасқан. Құлпытас [Мәтін] / Ж. Әдіраш. – Алматы: Мер-Press, 2017. – 288 б.

         Қазақ поэзиясындағы ірі тұлғалардың бірі, көрнекті ақын Әбдіраштың Жарасқанының бұл кітабына автордың өмірінің соңғы жылдарында жазған, бұрын жарияланбаған жаңа өлеңдері, Алаштың айтулы азаматтарына арнаған эпитафиялары, «Сор топырақ» трагедиялық поэмасы енгізілді. Сондай-ақ «Әзілің жарасса» деп аталатын эпиграммалары жаңа жазылған көптеген туындыларымен толықтырылды.

         Талантты ақынның жүрекжарды жырлары туған елдің тәуелсіздігі, өмір, махаббат жайлы толғаныс, тебіреніске толы. Алмас тілді ақынның әзілдері өткір, нысанаға дәл тиген жебедей. Қай шығармасынан болса да өмірге деген іңкәрлік, құштарлықтың жанға жайлы лебі есіп тұрады.

 

Әбдішова, Жанар. Өмір сүрсем ... кеш емес [Мәтін] : әңгімелер / Ж. Әбдішова. – Алматы: Алаш, 2017. – 352 б.

         Жанар Әбдішованың «Өмір сүрсем... кеш емес» аталатын кітабының тақырыбы әр алуан, замандастарымыздың басынан өткен жай күйлері, тығырықтан шығар жол іздеген сәттері шынайы, нанымды бейнеленген.

         Негізгі кейіпкерлері -  әйелдер. Көлемі жағынан қысқа жазылған әңгімелерінің қай-қайсы сы да жүрекке жол тауып, оқырманын селсоқ қалдырмайды, еліктіріп, тартымды оқылады, тілі шұрайлы, көркем.

 

Бодаубай, Болат. Таңғаламын өмірдің ғажабына [Мәтін] : сыр-сұхбатқа құрылған ғұмырнамалық роман. Т. 1 / Б. Бодаубай. – Астана: Фолиант, 2017. – 320 б.

         Бүгінгі таңда ел ағасы, халқымыздың бетке ұстар асыл азаматы, орда бұзар отыз жасында жемісті ғылыми-зерттеу еңбектерімен қазақ әдебиетінің тарихын бір мың екі жүз жылға тереңдетіп, ерлік жасаған, ұлтымыздың рухын оятуға, еліміздің еңсесін көтерісуге атсалысқан, наурыздың ұлттық рухани сипат алып, қайта оралуына, ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуына, елдік салт-санамыздың, әдет-ғұрпымыздың жаңғыруына өлшеусіз еңбек сіңіріп, жұрт алғысына бөленген Мырзатай Жолдасбековтің есімі елімізге кеңінен белгілі.

         Екі кітаптан тұратын, сыр-сұхбатқа құрылған бұл романда ұлт мұраты жолында ғұмыр бойы жан аямай қызмет етіп келе жатқан Мырзатай Жолдасбеков ағамыздың күреске, ғибратқа толы өмір жолы көркем тілмен кестеленеді.

 

Бекбосын А.  Медаль за город Будапешт [Текст] :  Повести, эссе / А.  Бекбосын. – Алматы: Алаш баспасы, 2017. – 256 с.

         Слабость, измена, в конце концов, подлость одних обернулись  трагенией для других как это случилось с отважным  солдатом  Али – главным героем повести «Медаль за горол Будапешт». Документальная повесть «Сердце Агадила» посвящена Герою Советского Союза Агадилу Суханбаеву.

 

Бельгер Г. К. Избранное [Текст] / Г.К. Бельгер. -  Алматы: Келешек,  2017. – 570 с.

         Многогранная  жизнь казахов и тернистый путь российских немцев – таковы магистральные темы прозаика и переводчика, эссеиста и публициста, лауреата ряда общественных, литературных и журналистских премий Герольда Бельгера.

 

Досанов, Сәбит. Тәуелсіздік толғауы [Мәтін] : көсем сөз, көркем сөз / С. Досанов. – Алматы: Каратау КБ, 2017. – 384 б.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Махмуд Қашқари атындағы «Түрік әлеміне сіңірген аса зор еңбегі үшін» Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Аймұханұлы Досановтың бұл кітабындағы шығармалар – Тәуелсіздік жылдарының көркем шежіресі.

 

Досанов С. «Хранители сокравенного» [Текст] : Док. проза, худ. проза. / С.  Досанов. – Алматы: ИП Баспа, 2017. – 384 с.

         Двадцатилетний исторический путь, пройденный нашей страной за годы независимости, преодолен  только благодаря силе и мощи созидательного  труда  народа Казахстана  под мудрым руководством Президента РК – Елбасы Н. Назарбаева.  Книга  посвящена 25-летию независимости Казахстана.

 

Синельников М. Семиречье [Текст] :  Казахские мотивы, переводы. / М. Синельников. – Алматы:  Дәстүр, 2017. – 320 с.

         В этот сборник вошли стихи, содержащие казахские, степные мотивы, а также избранные переводы из казахской лирики.

 

Турсунов Е.  Мелочи жизни [Текст] : Е. Турсунов. – Алматы: Келешек, 2017. – 496 с.

         В книге «Мелочи жизни» - страницы биографии известного казахстанского кинорежисера Е. Турсунова. Книга предназначена для широкого круга читателей.

 

Құрметті оқырмандар, сіздерді қалған кітаптармен танысу үшін кітапханамызға шақырамыз. Біздің қорымызға келіп түскен кітаптарды алып оқимын десеңіздер кітапхана есігі әрдайым ашық.

Келіңіздер, оқыңыздар!

 

 

 

Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Copyright MyCorp © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz