
2016 жылғы 3ақпан күні аудандық кітапхана оқырмандарына тосынсый жасады. Кітапхана тарихында алғаш рет кітаптар салмағына қарай берілді. Әр оқырман өзі таңдаған әдебиеттің салмағын бұрынғы безбенмен өлшеп, қағазға жазды. Ертемен ұйқыларын әлі ашып үлгермеген оқырмандар «Кімдікі көп?» деген сөзді естісімен ақ, тез сергіп, кітап оқуға деген ынталары артып, сөредегі кітаптардың қызықтысын таңдауға көшті. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы Маркова Вера Дмитриевна, рекорд көрсетіп, үйіне 2 750 салмақтағы кітапты арқалап кетті. 2,500 килограмм салмақты еңсерген екі оқырман - Холодило Людмила мен Қожабергенов Айтпай екінші орынға шықты. Кітапханадан бұл күні шамамен 19 кг. 550 г. әдебиет таңдалып алынды.
3 февраля 2016 год
...
Читать дальше »