2018 жылғы 3 мамыр күні Алтынсарин ауданы құрылымды күштері қызметкерлерінің арасында «Профессия такая - военный человек » атты конкурстық бағдарлама өткізілді. Іс-шара маңызды екі мереке: Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында өткізілді. Шара барысында қатысушылар конкурстарға, викториналарға қатысып қана қоймай, өздерінің білімін, ептілігі мен тапқырлығын, шығармашылық қабілетін көрсетті және әскери-патриоттық кітап күні аясында ұйымдастырылған «Бізге естелік пен атақ-даңқ мұраға қалған» атты кітап көрмесімен танысты. Конкурстық бағдарлама қорытындысы бойынша Селезнев В. – 1 орын, Тоқмағамбетов К. – 2 орын, Мырзабаев Д. – 3 орын иеленді.