2018 жылғы 15 тамызда аудандық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Шәкәрім жасаған үш түйін» атты ақпараттық сағат өткізілді. 2018 жылы ел болып оқуға белгілі қазақ жазушылары Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» және Ш. Құдайбердіұлының «Үш анық» атты шығармалары таңдап алынған болатын. Іс-шара барысында қонақтар жазушылардың өмірбаянымен және шығармалардың қысқаша мазмұнымен танысты. Іс-шарада Ш. Құдайбердіұлының шығармашылығына ерекше көңіл бөлінді, 15 адам қатысты.