Пятница, 2024-03-29, 4:56 PM
Приветствую Вас Гость | RSS

Алтынсаринская ЦБС

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 20
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2020 » Апрель » 1 » Құрметті әдебиет сүйер қауым!
4:34 PM
Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

2020 жылы «Бір ел  - бір кітап» республикалық акциясы аясында екі шығарма ұсынылды. Олар: Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы.

Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны

Мұхтар Әуезов-қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайреткері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.

Әкесі Омархан мен атасы Әуез екеуі де хат танитын сауатты адам болған. Өз заманында ұлы Абаймен сырлас, ауылдары іргелес, аралас-құралас тіршілік кешкен. Бала Мұхтардың атасы Әуез Абайдың өлеңдерін зор ықыласпен тыңдап, қағаз бетіне түскен тың туындыларымен танысып, пікір алмасаты жақын адамдардың бірі болған. 

Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі роман-эпопеясы «Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын жоғары деңгейге көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетикалық талғам, көркемдік қуат әкелген туынды. М.Әуезов өзінің роман-эпопеясы арқылы ұлы ақынның ғажайып тұлғасын сомдап, қазақ халқының тұрмыс-салты мен бай дәстүрін әлемге паш етті. 

Қазақтың дана ұлы Абай образын, шығармалық және қайраткерлік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше сомдаған. Жазушы ойшыл, ақын Абайды басты кейіпкер етіп ала отырып, оның бейнесін айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады.

«Абай жолы» роман-эпопеясында қазақ халқының этнография, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, болыс сайлауы, дауға билік айту т.б. бар.  Жазушы әрбір роман құрылысын негізі кейіпкерлерінің жан-дүниесін, рухани өсуін көрсету үшін өзгертіп алып отырады.                                  

Бірінші кітап жас Абай қызықтаған жастық романтикасына негізделіп, оның ел тіршілігімен танысып, ашылуын бейнелесе, екінші кітап ақындыққа, ойшылдыққа бетбұрысты танытады. Үшінші кітап Абайдың өз ортасынан бөлініп шығып, туған халқымен табысуын, халыққа бетбұрысын танытса, төртінші кітап Абай жолының кеңейіп, қалаға, далаға тарауын, оның үлкен қоғамдық күшке айналуын көрсетеді.

Жалпы  «Абай жолы» эпопеясынның ұлттық әдебиетіміз  бен мәдениетімізді, ана тілімізді өркендетудегі рөлі орасан зор.

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

2020 жылғы кезекті жыл кітабын таңдау нәтижесі бойынша жазушылар Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романын оқуға шақырамыз.

Құрастырушы: Топаева Т.Ж.,

 аудандық кітапхананың кітапханашысы

Шығарылымға жауапты: Е.В. Пшиченко

Алтынсарин ОКЖ директоры

«Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ

 

Республикалық

         «Бір ел – бір кітап» акциясы - 2020

Ақпараттық бүктеме

Обаған с.

2020 жыл

 

Просмотров: 399 | Добавил: biblioteka | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
avatar
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Апрель 2020  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Copyright MyCorp © 2024
Создать бесплатный сайт с uCoz